29 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Жаңа Жыл Республика төрінде» республикалық Жаңа жылдық шырша өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам дарынды және озат оқушылар, оның ішінде біздің 3-сынып оқушысы Еркін Нұрасем қатысты. Барлық балаларды ҚР Білім министрі Гани Бейсембаев Жаңа жылмен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан сыйлықтар табыс етті: құттықтау картасы, рюкзак: айпад, тәттілер мен энциклопедиялық кітаптары бар.
Сондай-ақ, 27 желтоқсаннан бастап жаңа жылдық мерекеге келген қатысушылар үшін Астана бойынша экскурсия өткізілді. Балалар Елорданың ең танымал бес көрікті жеріне барды: «Бәйтерек» монументі, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, «AiLand» ойын-сауық орталығы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Сарыарқа»СОО кинотеатры. Ұйымдастырушыларға осындай керемет, сиқырлы шырша үшін рахмет!!!