Ым-ишарамен ән айту» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді

Қарағанды облысы білім басқармасының «3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің «Стиль» ым-ишарамен ән айту тобы 19-шы Республикалық «Жұлдызай» фестивалінің «Ым-ишарамен ән айту» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

Литвишкова Е.Ю жетекшілік ететін ұжым мүшелері  1 маусымда Астанада өткен және «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетілген Гала-концертке қатысуға шақырылды.